Кешегі лаңкестікті жасаған террористердің бірінің кім екені анықталды
Қауіпсіздік күштерінің тергеуі жалғасып жатыр.



Кеше бас қала Анкарада Ішкі істер министрлігі алдында болған лаңкестікті жасаған террористердің бірінің PKK/KCK террорлық ұйымының мүшесі, террорист, «Канивар Ердал» лақап атты Хасан Оғуз екені анықталды.
Ішкі істер министрлігі кеше екі террорист тарапынан жасалған лаңкестіктің қаһарман полицияның арқасында тойтарылғанын және террористердің өлтірілгенін білдірді.
Жүргізілген тексеру және ДНҚ анализі нәтижесінде террористердің бірінің террорист Хасан Оғуз екені анықталды. Мәлімдемеде «Екінші террористің кім екенін анықтау жұмыстары жалғасуда. Қауіпсіздік күштері тергеу бастады. Соңғы террорист жойылғанша терроризммен күресімін табандылықпен жалғасады» деп айтылды.
Ұқсас жаңалықтар

Нуман Куртулмуш АҚШ-қа наразылық көрсетті
Нуман Куртулмуш АҚШ-тың Газада атысты тоқтатуға қарсылығына наразылық білдірді