Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналды

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысынан кейін декларация жарияланды.

2043858
Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналды

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі тараптарға, әсіресе Арменияға Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілікке баратын жолдың Әзербайжанның  аумақтық тұтастығының орнатылуымен ашылатынын ескеттті.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен ел астанасы Анкарадағы Президенттік кешенде кеше өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысынан кейін декларация жарияланды.

Декларацияда PKK/KCK-PYD/YPG террор ұйымына қарсы заңды қарсыласудың жалғасқаны баяндалды. Декларацияда бейуаз адамдарды өлтірген, балаларды күшпен жасақтаған, елдің табиғи ресурстарын пайдаланатын бұл опасыздық ұйымның, бейбітшілік пен тыныштықтың алдындағы ең үлкен кедергі екенін Сирия халқының да түсінгені білдірілді. Декларацияда осы қылмыстық ұйымды қолдауды жалғастырған актерлерге халықаралық құқық пен адам құқықтарынан туындайтын міндеттемелері және одақтас ретіндегі жауапкершіліктері ескертілді.

Жарты ғасырға жуық уақыттан бері маңызды сынақтармен бетпе-бет келген дос және бауырлас Ирак халқына Түркияның барынша қолдау көрсетуді жалғастыратынына назар аударылып, Киркуктағы тыныштықты сақтау және елдегі террор ұйымдарын толығымен жою маңызды істердің қатарында екені атап өтілді.

Декларацияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бейбітшілік күштерінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының егемендігіне және кипрлік түріктердің ең негізгі гуманитарлық қажеттіліктеріне қатысты сыңар жақты  көзқарастары мен әрекеттерінің Кипрдің міндеттемесіне сәйкес келмейтіні атап өтілді. Түркияның халықаралық құқық пен келісімдерден туындайтын құқықтары аясында Кипр түріктерінің қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі болып қала беретіні атап өтілді.

Украинада жалғасып жатқан соғысқа қатысты соңғы оқиғалар мен басылуы мүмкін қадамдар, әсіресе Қаратеңіз астық бастамасының жандануы талқыланған жиналыста Косоводағы оқиғалар мен Балқандағы соңғы жағдай бағаланды және Түркияның 10 қыркүйек күнгі су тасқынына қарсы әрекеті талқыланып, қиын күндерді бастан өткеріп жатқан дос және бауырлас Ливия халқына қолдауды жалғастыратыны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар