Елена Зеленская Эмине Ердоғанға алғыс айтты

Украинаның Тәуелсіздік күніне орай Украинаның Анкара елшілігінде қонақасы берілді.

2043894
Елена Зеленская Эмине Ердоғанға алғыс айтты

Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена Зеленская президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоғанға украиндық жетім балаларға жасаған жақсылығы үшін алғысын білдірді.

Украинаның Тәуелсіздік күніне орай Украинаның Анкара елшілігінде қонақасы берілді.

Қонақасында Зеленскийдің жұбайы  Елена Зеленскаяның бейне жолдамасы көрсетілді.

Украинаның Тәуелсіздік күніне арналған қонақасына қатысқандарға алғыс білдірген Зеленская Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) Украинадағы бірнеше маңызды әлеуметтік жобаға үлес қосқанын және бұл үшін ТИКА-ға алғысын білдірді.

Зеленская қатысушылардан Украинаның Изюм қаласындағы аурухананы қалпына келтіру науқанына қолдау көрсетуді сұрады.

Украинадан Түркияға әкелінген жетім балалардың Анкарадағы Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігіне қарасты балалар үйіне орналастырылғанын еске салған Зеленская: «Біз бірге болашақ ұрпаққа ынтымақтастық пен өзара көмектесудің қатыгездік пен шапқыншылықты жеңетінін көрсете аламыз. Сондықтан мен Анкарада украиндық жетім балаларға жайлы өмір сүру жағдайын жасап жатқан құрметті Эмине Ердоғанға шексіз алғысымды білдіремін» деді.



Ұқсас жаңалықтар