Нуман Куртулмуш Өзбекстан делегациясын қабылдады

Нуман Куртулмуш Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидовты қабылдады.

2042892
Нуман Куртулмуш Өзбекстан делегациясын қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидовты және оның басшылығындағы  делегацияны қабылдады.

Саидовты және өзбек делегациясын ел астанасы Анкарада Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде қабылдауға қуанышты екенін айтқан Куртулмуш екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын еске салып, былай деді: «Осы жерде біз құратын ынтымақтастық әслінде  Азия елдері үшін де, Еуропа елдері үшін де маңызды мүмкіндік береді. Біз экономикалық, коммерциялық, саяси, мәдени, білім беру салаларында бірлескен жобаларды құру арқылы ортақ мақсатқа бірге жүруіміз керек. Біздің қолымызда көптеген мүмкіндіктер бар».

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидов болса,  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмушпен кездесуден қуанышты екенін білдіріп, Түркияның Өзбекстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел екенін әрқашан есте ұстайтындарын және мұны ешқашан ұмытпайтындарын білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар