Ердоған кабинет отырысынан кейін мәлімдеме жасады

Түркия қорғаныс өнеркәсіпте әлемнің алдыңғы қатардағы технология жасаушыларының біріне айналды.

2042708
Ердоған кабинет отырысынан кейін мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде өз қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге әлемнің алдыңғы қатардағы технология жасаушыларының біріне айналғанын атап көрсеткен Ердоған «Қазір біз жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырмыз. Құрған күшті инфрақұрылыммен көтеріліп келе жатқан ел ретінде Түркияның әрі географияда және әрі платформада жаһандық статус-квоға тап болуы табиғи жағдай. Бірақ, барлық елдер, Одақтасымыз болсын, қарсыласымыз болсын, бұдан ешкім қашып құтыла алмайтын бір ақиқат бар. Бұл ақиқат бүкіл географиямызда, алыс-жақын жерде Түркиясыз ешбір жобаны жүзеге асыруының мүмкін емес екені. Тіпті тырысқанымен  де сәтті бола алмайтынын байқадық. Өйткені бұл талпыныстарды жасағандардың барлығы  соңында келіп, Түркияның серіктестігіне, Түркияның одақтастығына және Түркияның қолдауына мәжбүр болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар