Хакан Фидан Жозеп Боррельмен кездесті

Фидан мен Борель кездесуде Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарында басылатын қадамдарды талқылады.

2040768
Хакан Фидан Жозеп Боррельмен кездесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррельмен кездесті.

Боррель жасаған мәлімдемесінде Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының (БҰҰ) 78-ші сессиясы аясында  Сыртқы істер министрі Фиданмен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болғанын және Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарында басылатын қадамдарды талқылағандарын білдірді.

Боррель Фиданмен Қарабахтағы өте алаңдатарлық жағдайды да қолға алғандарын айтты.

Министрліктің «X» әлеуметтік медиа платформасында жасалған мәлімдемеге қарағанда Фидан Нью-Йоркте ұйымдастырылған «Болашақ саммит министрлер деңгейіне дайындық жиналысында» да сөз сөйледі.

Мәлімдемеде «Министр Фидан өз сөзінде жаһандық басқаруды трансформациялау, көпжақтылықты нығайту және БҰҰ реформасы бағытында жасалуы қажет қадамдарға тоқталды және осы бағыттағы біздің міндеттемемізді қайталады» делінді.

Хакан Фидан Нью-Йоркте өткен «Ислам Ынтымақтастық Ұйымы министрлер деңгейіндегі жыл сайынғы үйлестіру жиналысына» да қатысты.

Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда Фидан Латвия Сыртқы істер министрі Артурс Каринс, Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Алейник және Бахрейн Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид эз-Зейянимен де кездесті.

Фидан Түркевиде Панама Сыртқы істер министрі Жанайна Тевани Менкомомен де бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар