Президент Ердоған президент Әлиевпен сөйлесті
Президент Ердоған Әлиевке Түркияның қолдауын тағы бір рет жеткізді.
2040423

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефонда сөйлесті.
Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, Ердоған телефон әңгімесінде Әзербайжан армиясының Қарабахта армян қарулы күштеріне бағыттаған және келісіммен аяқталған антитеррорлық операциясына байланысты Әлиевтен мәлімет алды.
Президент Ердоған Әлиевке Түркияның қолдауын тағы бір рет жеткізді.
Екі басшы екі елге жақыннан қатысы бар аймақтық тақырыптарда да пікір алмасты.