Президент бірқатар кездесу өткізді
Ол Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакисті қабылдады.





Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясы шеңберінде Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакисті қабылдады.
Түрік үйіндегі кездесуге Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Грекия министрі Джоргос Герапетритис де қатысты.
Ердоған мен Мицотакис екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы қазіргі оң ахуалды сақтауға бел байлағандарын мәлімдеді. 5 қыркүйек күні бас қала Анкарада өткен сыртқы істер министрлерінің жиналысында келісілген мәселелер басшылардың күн тәртібінде болды. Ердоған мен Мицотакис сол кездесуде қабылданған екі ел арасындағы байланыстардың жол картасы мен уақыт кестесін бекітті. Сондай-ақ екі елдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қазан айында бас қосады, қарашада сенім шаралары кездесулері өтеді.
7 желтоқсан күні Грекияның Салоники қаласында Түркия-Грекия Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің отырысы өтеді.
Екі лидер аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасты. Көші-қон мәселесі екі ел үшін де ортақ мәселе екенін ұғынып әрекет ету туралы келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ Жерорта теңізі аймағындағы табиғи апаттар мен климаттық дағдарыс үстелде болды. Азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастықты басым бағыт ретінде күшейту керек деп келісілді.
Президент Ердоған Мицотакиспен кездесуінен кейін әлеуметтік медиа парақшасында жариялаған жазбасында кездесудің екі елге де пайдалы болуын тіледі.
Кейін президент Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Рамафосамен кездесті. Кездесу барысында екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қалыптасқан берік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған қадамдар қолға алынды.
Кездесуден кейін Ердоған «Түркия ретінде Африка құрлығымен жақын ынтымақтастығымыз, серіктестігіміз және қолдауымызды жалғастырамыз» деді.
Президент Ердоған Малайзия премьер-министрі Энвер Ибрахимді де қабылдады. Кездесуде аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған қадамдар қолға алынды.
Президент Түрік үйінде Америка еврей қауымы ұйымдарының өкілдерімен де кездесті.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия Газада «Дала ауруханасын» құрады
Комитеттің қорытындысына байланысты аурухананы тез арада пайындап беру жоспарлануда.

Түркияға тағы бір науқас тобы келеді
Ертең Газа шекара қақпасынан тағы бір топ науқас Түркияға жеткізіледі.