Ердоған Малайзия премьер-министрімен кездесті

Ердоған мен Ибрахими мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерінің күшеюіне байланысты ортақ мәлімдеме жасады.

2040506
Ердоған Малайзия премьер-министрімен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Малайзия премьер-министрі Энвер Ибрахим соңғы кездері Ислам және мұсылмандарға қарсы қиянат, өшпенділік және шабуылды ынталандырған әрекеттерді  қатаң түрде айыптағандарын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Малайзия премьер-министрі Энвер Ибрахим Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Түркевинде кездесті.

Екі лидер мұсылмандарға қарсы өшпенділік және зорлық-зомбылық әрекеттерінің күшеюіне байланысты ортақ мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Малайзия премьер-министрі Энвер Ибрахим соңғы кездері Еуропаның кейбір елдерінде сөз бостандығы деген желеумен Құран Кәрімді өртеген соңғы оқиғаларды  және мұсылмандарға қарсы қиянат, өшпенділік және шабуылды ынталандырған әрекеттерді  қатаң түрде айыптайтындарын мәлімдеді.

Ердоған мен Энвер Ибрахим мемлекеттердің дінге немесе сенімге негізделген зорлық-зомбылықты насихаттауды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін шұғыл қадамдар басылуы керектігін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар