Ердоғанның тарихи баяндамасы әлем баспасөзінде кең орын алды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның БҰҰ Бас ассамблеясында жасаған тарихи баяндамасы әлем баспасөзінде үлкен  жаңғырық жаратты.

2040080
Ердоғанның тарихи баяндамасы әлем баспасөзінде кең орын алды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас ассамблеясында жасаған тарихи баяндамасы әлем баспасөзінде үлкен  жаңғырық жаратты.

Президент Ердоған кеше Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас ассамблеясының 78-ші отырысында көшбасшыларға үн қатты.

Ердоғанның тарихи баяндамасы әлем баспасөзінде кең орын алды.

Америкада шығатын «Foreign Policy» журналы БҰҰ мінберіндегі ең таң қалдырған баяндаманы президент Ердоғанның жасағанын жазды.  

Баяндамадағы тақырыптарына сілтеме жасаған журнал Ердоғанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде реформаға шақырғанын және Қарабах мәселесінде Әзербайжанның жанында екенін білдірді.

«Al Arabiya News» арнасы Ердоғанның Қарабахқа қатысты сөздерін ортаға салды. Арна Ердоғанның өз сөзінде Әзербайжанның аумақтық тұтастығына баса назар аударғанын атап көрсетті.

Орталығы АҚШ-та болған «Associated Press» ақпарат агенттігі БҰҰ мінберінен тікелей эфирде Ердоғанның одақтасы Әзербайжанды табанды түрде қолдайтынын хабарлады.

Вашингтонда орналасқан «Al Monitor» веб-сайты Ердоғанның «Қарабах – Әзірбайжан территориясы» деген сөзіне орын берді.

Орталығы Францияда болған «France 24» телеарнасы Ердоғанның исламофобия туралы ескертуіне тоқталды.

Лондонда шығатын  «Middle East Eye» ақпарат сайты «Президент Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кемшіліктеріне тоқталып, «Әлем бестен үлкен» ұранын қайталады» деп жазды.

Грек баспасөзі Ердоғанның Солтүстік Кипр Түрік Республикасын қолдағанына ерекше назар аударды. «Kathimerini» газеті «Ердоған халықаралық қауымдастықты Кипр түріктерінің бар екенін мойындауға шақырды» деген тақырыппен берген.

 



Ұқсас жаңалықтар