Ердоғанның АҚШ-тағы кездесулері жалғасуда

Президенттің күн тәртібінде Түркия-АҚШ қарым-қатынастары және Ресей-Украина соғысы болды.

2038556
Ердоғанның АҚШ-тағы кездесулері жалғасуда
erdogan abd-turkiye yemek.jpg
elon musk-erdogan abd turkevi.jpg
erdogan-ahiska turkleri abd turkevi.jpg
erdogan- gurcistan irakli garibasvili'yi-abd turkevi.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы алдында Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) кездесулерін жалғастыруда.

Ердоған алдымен Нью-Йорк қаласындағы  Түркевинде Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвилиді қабылдады.

Кездесуде Ердоған Баку-Тбилиси-Карс теміржолының жылдам іске қосылуы күтілетінін айтты.

Екі ел арасындағы сауда көлемін 3 миллиард доллардан 5 миллиард долларға дейін көтеруге болатынын айтқан президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының Грузиядағы мектептерін жауып, активтеріне тыйым салудың маңызды екенін айтты. Грузия әкімшілігінің осыған байланысты қадамдарына риза екенін білдірді.

Президент Ердоған Түркевинде АҚШ-та тұратын месхет түріктерімен де кездесті.

Ердоған 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы кезінде 4 мың месхет түріктерін Түркияға әкелгендерін атап көрсетті.

Ердоған «(Месхет түріктерінің) жылдар бойы аңсаған түрік азаматтығын алуы үшін қажетті қадамдарды жасап, бұл процесті жеделдетіп жатырмыз» деді.

Ердоғанның тағы бір қонағы Америка Құрама Штаттарында электрмен жүретін автомобиль өндірушісі Tesla және SpaceX бас директоры Илон Маск болды.

Ердоған Маскқа Түркияның технологиялық жетістіктері туралы айтып берді.

Отандық «TOGG» көлігінің Түркияда жолға шығуымен Тесланың  да Түркия нарығына шыққанын еске салған Президент Маскты Тесланың жетінші зауытын Түркияда  құруға  шақырды.

Ердоған Маскты 27 қыркүйек-1 қазан аралығында Измирде өтетін әлемнің ең үлкен ғарыштық технология және авиация жәрмеңкесі Текнофестке де шақырды.

Маск Түркевиден шыққан кезде қолында президент Ердоғанның «Тіпті әділетті бір дүние құруға болады» атты кітабы мен «Өмір сүруге жарамды әлем үшін Түркияның нөлдік қалдықтар бастамасы» атты кітабы бер.

Президент Ердоған Түрік-Америка ұлттық басқару комитеті ұйымдастырған бағдарламада да сөз сөйледі.

Президенттің күн тәртібінде Түркия-АҚШ қарым-қатынастары және Ресей-Украина соғысы болды.

Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының күннен-күнге дамып келе жатқанын түсіндірген Ердоған Ресей-Украина соғысына қатысты: «Ресей-Украина соғысындағы біздің ұстанымымызды бүкіл әлем жоғары бағалады. Біз тұтқындарды айырбастаудан бастап Қаратеңіз астық бастамасына дейін көптеген дипломатиялық табыстарға қол жеткіздік» деді.

Кейбір Еуропа елдерінде Құран Кәрімге жасалған шабуылдарға тағы да қатал наразылық білдірген президент Ердоған: «Біз 2 миллиард мұсылманның қасиетті жерлеріне шабуыл жасауды сөз бостандығы деген сылтаумен заңдастырылуын ешқашан қабылдамаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар