Түркияның Ливияға жәрдемі жалғасуда
Түркия Ливияға 550 қызметкер және шамамен 4 мың тонна көмек материалын жіберді.

Апат және төтенше жағдайларды басқару төрағасы Окай Мемиш теңіз күштері қолбасшылығына қарасты екі әскери кемемен су тасқыны орын алған Ливияға 550 қызметкер және шамамен 4 мың тонна көмек материалының жіберілгенін айтты.
Мемиш үшінші кеменің де жолға шығатынын айтты.
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық медициналық құтқару тобы (UMKE) Дерна қаласындағы жараларды емдеуді жалғастыруда.
Денсаулық сақтау министрлігі апат аймағына «UMKE» және «UMKE ATAK» қызметкерлерін, далалық аурухананы, медициналық құралдарды, құрылғылар мен дәрі-дәрмектерді жіберді.
Орталық Жерорта теңізінде ықпалды болған және 10 қыркүйекте Ливияның шығысында соққан «Даниэль» дауылы Бенгази, Бейда, Мардж, Сусе және Дерна қалаларында су тасқынына себеп болған еді.
Ливия Ұлттық бірлік үкіметі су тасқынынан 6 мың адамның қаза тауып, мыңдаған адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған болатын.