Ердоған Жаңа Конституция симпозиумында сөз сөйледі
Президент Ердоған елорда Анкарада өткен Жаңа Конституция симпозиумында сөз сөйледі.

Президент Режеп Тайып Ердоған адамдарға басымдық беретін, ұлттың алуан түрлілігі мен байлығын көрсететін, қоғамнан қалыспайтын және қоғамға серпінділік қосатын конституцияны мақсат еткендерін айтты.
Президент Ердоған елорда Анкарада өткен Жаңа Конституция симпозиумында сөз сөйледі.
Елге жаңа, азаматтық, демократиялық, либералды және кең көлемді конституция жасау мақсатынан бас тартпағандарын атап көрсеткен Ердоған: «Түркия ғасыры мақсатының элементтерінің бірі болып табылатын Жаңа Конституцияны ұлтымызға әкелмейінше, біз ешқашан жұмыс істеуді, талпынуды және күресуді тоқтатпаймыз» деді. Қазіргі конституцияның барлық өзгерістермен қажеттіліктерді қанағаттандырудан алыс екенін түсіндірген Ердоған бұл конституциямен өмір сүруді жалғастырудың саясат үшін де, ел үшін де көтеруі қиын жүкке айналғанын білдірді.
Президент Ердоған «Біз халыққа басымдық беретін, ұлттың алуан түрлілігі мен байлығын көрсететін, қоғамнан қалыспайтын және қоғамға серпінділік қосатын Конституцияны мақсат етіп отырмыз» деді.
Ердоған «Мен барлық саяси партияларға, азаматтық ұйымдарға және ғалымдарға үн қатып отырмын. Ең кемелді конституциялық мәтінді жазу үшін сөйлесейік, талқылайық және келісейік» деп көрсетті.
Жаңа Конституцияның мақсатына қатысты Елбасы: «Парламенттегі барлық топтармен сөйлесеміз, талқылайық. Олар бұған оң көзқараспен қарайтын болса, жолымызды жалғастырамыз. Джумхур альянс ретінде біз бұған дайынбыз» деді.