Президент Ердоған офицер студенттердің бітіру рәсіміне қатысты
Президент Ердоған жас офицерлерге Түркияның қауіпсіздік мәселелерін түсіндірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған террористердің тәубе етіп түрік әділдігіне берілетінін немесе мемлекеттің темір жұдырығымен бетпе-бет келетінін, осыдан басқа олар үшін жол жоқ екенін атап көрсетті.
Президент Ердоған бас қала Анкарада офицер студенттердің бітіру рәсімінде үн қатты.
Террормен күресте тиімді нәтижелерге қол жеткізгендерін атап көрсеткен Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK ұялаған Ирактың Кандил аймағындағы барондары мен Сириядағы басшылық кадрларының тыныс алуына жол бермегендерін білдірді.
Жалған және үгіт-насихатпен алдап алған жастар санының күн санап азайғанына назар аударған Ердоған террор ұйымдарына қатысудың тарихтағы ең төменгі деңгейге түскенін білдірді.
PKK-дан қашудың жалғасып жатқанын, бұл қашулардың алдағы күндері арта түсетініне сенгенін білдірген Ердоған «Түркия ақыры терроризм дертінен міндетті түрде құтылады. Қару-жарақ толы жүк көліктері мен иелерінің қолдауы да лаңкестерді күтіп тұрған өкінішті тағдырдың алдын ала алмайды. Еліміз және аймағымыздың болашағында ешбір террор ұйымына орын жоқ екенін тағы да айтқым келеді. Террористтер не тәубе етіп түрік әділетіне беріледі, не болмаса мемлекеттің темір жұдырығымен бетпе-бет қалады, осыдан басқа олар үшін жол жоқ» деді.
Эгей теңізінде заңсыз мигрант өлімінің алдын алғандарын айтқан Ердоған «Кейбiрлерi бұл адамдар Эгейде «өлсін» деп өз тағдарына тастап кеткенде, біз жағалау күзет күштерімен оларды сол толқындардан құтқарамыз. Міне осы түріктің жанашырлық сезімдерінің ең айқын көрінісі» деді.
Сирияның солтүстігінде жалғасып жатқан тұрақты тұрғын үй құрылыстарына тоқталған президент «Осы тұрғын үйлердің аяқталуымен бірге 1 миллионға жуық бауырымыз еліне тыныш оралатын болады» деді.