Ирактың солтүстігінде 5 әскер шейіт болды
ҰҚМ PKK террор ұйымының опасыз шабуылында 5 әскердің шейіт болғанын мәлімдеді.
Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит операциясы» аймағында PKK террор ұйымы мүшелерінің опасыз шабуылында 5 әскер шейіт болды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен (ҰҚМ) жасалған мәлімдемеде лейтенант Фатих Угур Алтынбаш және сержант Кемал Өзектің шейіт болғаны, 3 сарбаздың жараланғаны білдірілді.
Мәлімдемеде опасыз шабуылда жараланған сарбаздардың дереу ауруханаға жеткізілгені, жаралы әскерлер Угур Өздемир, Махмут Үчдағ және сержант Өзкан Лаленің шейіт болғаны хабарланды.
Аймақтағы операциялардың жалғасқаны атап көрсетілген мәлімдемеде қаза тапқан сарбаздардың туыс-тамырларына мен Түрік Қарулы күштері және түрік ұлтына көңіл айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Германия канцлері Олаф Шольц Түркияға келеді
Бұл туралы Германия үкіметі баспасөз хатшысының орынбасары Вольфганг Бюхнер мәлімдеді.
«Оруч Рейс» Суэц каналынан өтіп, Сомалиге бағыт алды»
Министр Байрактар «Х» әлеуметтік желі парақшасында «Оруч рейс» кемесіне байланысты жазба бөлісті.