Түріктің 4 компаниясы қорғаныс өнеркәсібінің маңызды тізімінде
ASELSAN биыл 47-ші орынға көтерілді.
2021341
Америка Құрама Штаттарында шығатын «Defense News» журналы әлемнің ең беделді қорғаныс өнеркәсібі тізімінде түрік компанияларының санын 4-ке көтерді.
Журналда қорғаныс өнеркәсібі саудасына негізделіп жасалған 2023 жылдың "Defense News Top 100" тізімі жарияланды.
Осы тізімде 2022 жылы 3 болған түрік қорғаныс өнеркәсібі компания саны биыл 4-ке жетті. Былтыр тізімнің 49-шы орнында болған ASELSAN биыл 47-ші орынға көтерілді. Ол түрік компанияларының басында келеді.
TUSAŞ болса былтыр тізімнің 67-ші орнында болса биыл 58-ші орында. ROKETSAN компаниясы да 2022 жылы 86-шы кезекте еді. Ал биыл 80-ші орынға көтерілді.
Тізімге биыл бірінші рет енген Әскери зауыт және кеме жасау ASFAT болса тізімнің 100-ші орнында.