Ердоған Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездеседі.

2015605
Ердоған Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина басшысы Махмуд Аббасты бір жылдық үзілістен кейін бас қала Анкарада қабылдайды.

Ердоған палестиналық әріптесін Президенттік кешенде ресми рәсіммен қарсы алады. Рәсімнен кейін көшбасшылар жеке және делегацияаралық кездесулер өткізеді.

Ердоған мен Аббас кездесуінде Түркия-Палестина қарым-қатынастары талқыланады. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін не істеу керектігі жөнінде пікір алмасады. Аймақтағы екі мемлекетті шешім жобасы аясында басылатын қадамдар қолға алынады. Сонымен қатар  аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар