Катар баспасөзінен Ердоғанға мақтау

Катар ақпарат құралдары Катар мен Түркияның «стратегиялық серіктестігіне» жоғары баға берді.

2013240
Катар баспасөзінен Ердоғанға мақтау

Катар ақпарат құралдары президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен барған Катар мен Түркия арасында жетілдірілген «стратегиялық серіктестікке» жоғары баға беріп, қарым-қатынастардың жоғары деңгейге көтерілетінін атап көрсетті.

Катар ресми ақпарат агенттігі «QNA» мен Катардың «Эр-Рая» газеті президент Ердоғанның Парсы шығанағы сапары аясында жүзеге асқан  Доха сапарына тоқталды.

«QNA» ақпарат агенттігінің хабарында «Түркия Президентінің елге (Катар) сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың басталғанына 50 жыл және Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр» делінді.

Түркия мен Катар арасында көптеген салада стратегиялық серіктестікті дамыту «әлемдегі ең табысты серіктестік» ретінде бағаланып, «QNA» президент Ердоған мен Катар Әмірі Тамим ибн Хамид әл-Санидің «мықты саяси ерік-жігерінің» арқасында қарым-қатынастардың жақсарғанын баса айтты.

«Эр-Рая» газетіне сұхбат берген Катардың Түркиядағы елшісі шейх Мұхаммед бин Насер ибн-Касим Әл Сани президент Ердоғанның «стратегиялық серіктестік үшін жаңа көкжиектер ашатынын» айтты.

«Эш-Шарк» газеті болса президент Ердоғанның сапарына ерекше орын беріп, Түркия мен Катар арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың маңыздылығына тоқталған жаңалықтарға орын берген.



Ұқсас жаңалықтар