Алтуннан 15 шілде хабарламасы

Фахреттин Алтун «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» мерекесіне орай хабарлама жасады.

2011547
Алтуннан 15 шілде хабарламасы

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун 15 шілденің (2016) халық ерік-жігерінің барлық ұлылығымен терроризмге қарсы тосқауыл қойған күні екенін атап көрсетті.

Алтун «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» мерекесіне орай әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада 15 шілде күні халықтың жалаң қолымен төңкерістің алдын алғанын, тұзақтарды бұзғанын, террористтерге жол бермегенін, батылдығы және нанымымен опасыз жоспардың жүзеге асырыла алмаған батырлық дастаны екенін баса айтты.

Тойтару және қайта тірілу түнінде шейіттер мен ардагерлердің түрік халқына азат болашақты аманат еткенін айтқан Алтун «15 шілдедегі рух – болашағымыздың кепілі. Ұлтымыз болса Отанымыздың иесі. Президентіміздің түнектен шығаратын шақыруы мен халқымыздың ұстанымы, парасаттылығы және абыроймен қайтарған жауабы ретінде жазған дастанын ұмытпаймыз және ұмыттырмаймыз. Бұл елдің болашағын кепілдікке алғысы келгендерді еш кешірмейміз. ФЕТО-ға (Фетуллахшы террор үйымы) қарсы күрес біздің басты міндетіміз екенін бәрі білуі керек, бәрі естуі керек» деді.

Алтун ФЕТО-ден бастап барлық террор ұйымдарымен соңғы террорист залалсыздандырылғанша күрестің жалғасатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар