Ердоған мен Байден кездесуі басталды
Ердоған НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммиті аясында Байденмен оңаша бас қосты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Литвада өткен НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммиті аясында АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті.
Екі басшының оңаша кездесулері 1 сағаттан асты.
Президент Режеп Тайып Ердоған кездесу алдындағы мәлімдемесінде «Стратегиялық механизм аясында (АҚШ-пен) мемлекет басшылары деңгейінде кеңесетін уақыт келді деп ойлаймын. Бас қосуды алғашқы қадам деп сенемін. Біздің президент Байденмен өткен кездесулеріміз дайындық іспеттес еді. Дегенмен қазір біз жаңа процесті бастаймыз» деген болатын.
Түркияда мамыр айында өткен президенттік сайлаудың екінші турынан кейін Байденнің өзіне телефон соғып, құттықтағанын еске салған президент Ердоған АҚШ президентіне «Келесі сайлау процесінде сәттілік тілеймін» деді.
Президент Ердоғанға Швециямен байланысты жүргізген дипломатиясы мен көшбасшылығы үшін алғыс айтқан Байден Түркияның Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) жіберілетінін жариялауына ризашылығын тілге тиек еткен еді.
НАТО саммитін «тарихи» деп бағалаған Байден одақтың қорғанысын күшейту жөніндегі міндеттемелерін де қайталаған болатын.
АҚШ-та өтетін 2024 жылы президенттік сайлауда сәттілік тілеген Президент Ердоғанға алғысын білдірген Байден «Алдағы бес жылда сізбен қайтадан кездесуді асыға күтемін» деді.