Түркия Израильді қатаң айыптады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Батыс Шерияның кем дегенде 19 қаласында 4 мың 500 заңсыз жаңа қоныс салу жоспарлары айыпталды.

2001542
Түркия Израильді қатаң айыптады

Түркия Израильдің заңсыз қоныстандыру әрекеттерін арттыруын және Батыс Шерияда кемінде 19 қалада заңсыз елді мекендер салу жоспарларын айыптады.

Сыртқы істер министрлігі Израильдің басып алған Палестина жерлеріндегі заңсыз қоныстандыру әрекеттеріне байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Израиль билігінің заңсыз қоныстандыру әрекеттерін арттыру және Батыс Шерияның кем дегенде 19 қаласында 4 мың 500 заңсыз жаңа қоныс салу жоспарлары айыпталды.

Мәлімдемеде Израиль үкіметінің тұрақты бейбітшілік орнатуға қайшы үлкен зиян келтіретін және халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының белгіленген параметрлеріне толығымен теріс келетін бұл қадамдарын қабылдауға болмайтыны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде:

«Түркия 1967 жылғы шекараларға негізделген, астанасы Шығыс Иерусалим болатын географиялық тұрғыдан интеграцияланған, тәуелсіз және егеменді Палестина мемлекетін құруға бағытталған екі мемлекетті шешім жолындағы күш-жігерді қолдауды жалғастырады» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар