Ердоған СКТР мен Әзербайжанға сапарлай барады

Президент Режеп Тайып Ердоған алғашқы шетел сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Әзербайжанға жасайды.

1997978
Ердоған СКТР мен Әзербайжанға сапарлай барады

Президент Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік дәстүр бойынша президенттік сайлаудан кейін алғашқы шетел сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) мен Әзербайжанға жасайды.

Президент Ердоған 28 мамырдағы сайлауда қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы шетел сапарында дүйсенбі күні Солтүстік Кипр Түрік Республикасна барады.

СКТР президенті Ерсин Татар және премьер-министр Үнал Үстелмен кездесетін Ердоған бетпе-бет кездесу және жұмыс қонақасынан кейін Президенттік сарайда президент Татармен ортақ баспасөз мәслихатын өткізеді.

Кездесулерде Кипрге қатысты болашақта басылатын қадамдарға байланысты бағаландыру жасалуы және Шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғалар талқылануы жоспарлануда.

Президент Ердоған сейсенбі күні Әзербайжанға сапары аясында президент Ильхам Әлиевпен жеке және делегация аралық кездесулер өткізеді.

Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін басылатын қадамдар мен ынтымақтастық салалары талқыланатын кездесулерде аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады. барады



Ұқсас жаңалықтар