Ердоған 9 ұлттық саябақтың беташарына қатысты

Ердоған: «Біз қоршаған ортаны қорғау тақырыбында саналы болуды қоғамымызда қалыптастыру үшін көп күш салудамыз» деді.

1997184
Ердоған 9 ұлттық саябақтың беташарына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

«Біз қоршаған ортаны қорғау тақырыбында саналы болуды қоғамымызда қалыптастыру үшін көп күш салудамыз» деді.

Президент Ердоған Түркияның қоршаған орта апталығына байланысты 9 ұлттық саябақтың ашылу салтанатына тікелей эфир арқылы қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған беташардағы сөзінде:

"Дүние танымымыздың өзегі - табиғатты аманат ретінде көру. Біз қоршаған ортаны қорғау туралы түсініктің қоғамымызда орнығуы үшін көп күш саламыз. Биылғы қоршаған ортаны қорғау апталығының тақырыбын «Таза әлем, таза теңіз» деп белгіледік. Біріккен Ұлттар Ұйымында 30 наурыздың "нөлдік қалдықтар күні"  ретінде аталып өтуіне дәнекер болдық. Біз жұмысымызды бұдаг кейін де жалғастырамыз» деп көрсетті.

Ердоған:

«Ұлттық саябақтағы жұмысымызды бұрынғыдан да жеделдетіп жатырмыз. Ататүрік әуежайындағы ұлттық саябақпен бірге 500 ұлттық саябақ толық жасалып біткенде 81 қаланың келбеті өзгереді» деді.



Ұқсас жаңалықтар