Блинкен Фиданды құттықтады

Хакан Фидан мен Энтони Блинкен телефон арқылы сөйлесті.

1997105
Блинкен Фиданды құттықтады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысымен Швецияның НАТО-ға мүшелігі, Түркия және Армения, Әзербайжан және Арменияның қалыпқа келу үдерістері, F-16 жойғыш ұшақтарын сатып алу және жаңғырту, Украинаның астық келісімі мәселелерін   талқылады.

Сыртқы істер министрлігі берген мәліметке қарағанда,  Хакан Фидан мен Энтони Блинкен телефон арқылы сөйлесті. Блинкен Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Хакан Фиданды құттықтады. Телефон әңгімесінде  Швецияның НАТО-ға мүшелігі, Түркия-Армения және Әзербайжан-Армения арасындағы қалыпқа келу үдерістері, F-16 сатып алу және жаңғырту, Украина астық келісімі мәселелері талқыланды.

Фидан мен Блинкен екі ел арасындағы ортақ күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін мүмкіндігінше тезірек кездесуге ниеттерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар