Фахреттин Алтун жалған ақпаратпен күреске тоқталды

Фахреттин Алтун жалған ақпаратқа ең көп ұшыраған елдердің бірі Түркияның бұл саладағы күресін табандылықпен жалғастыратынын айтты.

1996108
Фахреттин Алтун жалған ақпаратпен күреске тоқталды

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун жалған ақпаратқа ең көп ұшыраған елдердің бірі Түркияның бұл саладағы күресін табандылықпен жалғастыратынын айтты.

Алтун әлеуметтік медиа парақшасында жасаған мәлімдемесінде медиа және коммуникация әлемінде қызық бір жағдайдың болғанын айтып, Твиттердің  Еуропалық Одақ пен әлеуметтік медиа платформалары қол қойылған «2022 жылғы жалған ақпаратқа қатысты күшейтілген атқару ережелері» атты хаттамадан шығуға шешім қабылдағанын еске салды.

Осыған байланысты Алтун Еуропа елдеріндегі кейбір мемлекеттік органдардың бұл жағдайға ыңғайсыздығын білдіре бастағанын айтты.

Алтун «Бүгінгі таңда жеткен өлшемдер бойынша дезинформация барлық елдер мен бүкіл халықаралық қауымдастыққа, сондай-ақ біз үшін ұлттық қауіп-қатерге айналды. Дезинформациямен күрестің маңызды тірегі сөзсіз халықаралық ынтымақтастық пен табандылық» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар