Хакан Фидан міндетін бастады

Хакан Фидан Мевлүт Чавушоғлунан міндетін қабылдап алды.

1995408
Хакан Фидан міндетін бастады

Сыртқы істер министрлігінде міндетті тапсыру рәсімі өтті.

Ел астанасы Анкарада Сыртқы істер министрлігінде міндетті тапсыру рәсімінде Хакан Фидан Мевлүт Чавушоғлунан міндетін қабылдап алды.

Рәсімде сөйлеген сөзінде Чавушоғлу мемлекеттегі сабақтастықтың маңызды екеніне назар аударды. “Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында міндетіміз - Түркия ғасырын құру” деді ол.

Хакан Фидан да жаңа кезеңге арналған алғашқы сыртқы саяси хабарламасын осында берді. “Мемлекетіміз бен ұлтымыздың тұтастығы, қауіпсіздігі мен игілігі үшін бар күшімді саламын” деді ол.



Ұқсас жаңалықтар