Жаңа министрлер алғаш мәлімдемелерін жасады

Президент Ердоған жариялаған кабинет мүшелері алғашқы мәлімдемелерін жасады.

1994987
Жаңа министрлер алғаш мәлімдемелерін жасады

Министрлер жасаған мәлімдемелердің ортақ тұсы «Түркия ғасырына» баса назар аудару болды.

Президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған кабинет мүшелері алғашқы мәлімдемелерін жасады.

Қоршаған орта, қала және климаттық өзгеріс министрі Мехмет Өзхасеки жер сілкінісінен зардап шеккендердің үйлері мен жер сілкінісіне қарсы қабылданатын шараларға назар аударды.

Апаттан зардап шеккендерге ең қысқа уақытта үйлерін тапсыратындарын айтқан Өзхасеки «Стамбулды және Түркияны қаланы жаңғырту арқылы қауіпсіз күйге келтіреміз» деді.

Әділет министрі Йылмаз Тунч болса «Біз алдағы кезеңде әділетті орындау, азаматтарымыздың негізгі құқық пен еркіндіктерін барынша пайдалана алуы тұрғысынан өте маңызды жұмыстарды атқаратын боламыз» деді.

Ішкі істер министрі Али Йерликая «Президентімізге түсіністік танытып, сенім білдіргені үшін алғысымды білдіргім келеді» деді.

Ұлттық білім беру министрі Юсуф Текин де «Мұғалімдерімізден бастап, мектеп басшыларымыз, басшылық қызметкерлеріміз, жекеменшік білім беру мекемелеріміз, студенттер мен ата-аналарымыз және басқа да мүдделі тараптармен бірге «Түркия ғасырын» салу үшін қоян-қолтық, бірігіп қызмет ететін боламыз» деді.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу мәлімдемесінде «Ерік-жігеріміз күшті, қажымас қайратымызбен ел ретінде белсенді түрде  Құдай қаласа одан да мықты боламыз» деді.

Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы да «Түрік ауыл шаруашылығының іргетасы диқандарымыздың, орман ауылдары мен қасиетті ұлтымызға қызмет етеміз» деді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой ел мен ұлт үшін жұмыстарын жалғастыратындарын мәлімдеді.

Міндеттерін жаңа министрлерге тапсыратын министрлер болса жаңа кабинет мүшелеріне сәттілік тіледі.

Вице-президент қызметін Джевдет Йылмазға тапсырған Фуат Октай да жаңа министрлер кабинетіне сәттілік тілеп, Джевдет Йылмазды құттықтады.

Йылмаз сонымен қатар құттықтауларын жеткізгендерге алғыс хабарламасын жариялап, жаңа президенттік кабинеттің ел мен ұлтқа құт әкелуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар