Президент Ердоған ант береді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде ант береді.

1994731
Президент Ердоған ант береді

Қайта  президент болып сайланған Режеп Тайып Ердоған 2028 жылға дейін жалғасатын міндетін ресми түрде бастайды.

Алғашқы рәсім ел астанасы Анкарадағы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өтеді. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Ердоғанды ресми қарсы алу рәсімі өтеді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің уақытша төрағасы ретінде бірлескен отырысты ашатын Ұлтшыл Қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчели алдымен Президент Ердоғанға мандатын тапсырады. Одан кейін Ердоған ант береді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі салтанатқа барша әлем қызығушылық көрсетуде.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Президент Ердоғанның ант беру рәсіміне қатысу және жоғары деңгейде кездесу  үшін Түркияда болады.

Салтанатты шараға Венесуэла Президенті Николас Мадуро, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі арт беру рәсіміне Сомали, Алжир және Балқан елдерінінің мемлекет басшылары да қатысады.

Кейбір елдердің сыртқы істер министрлері де ант беру салтанатында орын алады. Президент Ердоғанның ант беру рәсіміне Америка Құрама Штаттары атынан елші Джеффри Флейк қатысады. Ресей атынан Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин орын алады.

Президент Ердоған Түркия уақытымен сағат 19:00-де Чанкая сарайында шетелдік қонақтарының құрметіне ас береді.

Кешкі астан кейін Президент Ердоған жаңа кабинет мүшелерін жариялайды.

 



Ұқсас жаңалықтар