Президент Ердоған ант берді

Ердоған 2028 жылға дейін атқаратын міндетін ресми түрде бастады.

1994865
Президент Ердоған ант берді

28 мамырда өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қайта сайланған президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде  ант берді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің уақытша төрағасы ретінде бірлескен отырысты ашқан Ұлтшыл Қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчели алдымен Президент Ердоғанға мандатын тапсырды. Одан кейін Ердоған ант берді.

Осылайша Ердоған 2028 жылға дейін атқаратын міндетін ресми түрде бастады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі салтанатқа барша әлем қызығушылық көрсетуде.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Президент Ердоғанның ант беру рәсіміне қатысу және жоғары деңгейде кездесу  үшін Түркияда болды.

Салтанатты шараға Венесуэла Президенті Николас Мадуро, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі арт беру рәсіміне Сомали, Алжир және Балқан елдерінінің мемлекет басшылары да қатысты.

Кейбір елдердің сыртқы істер министрлері де ант беру салтанатында орын алды. Президент Ердоғанның ант беру рәсіміне Америка Құрама Штаттары атынан елші Джеффри Флейк қатысты. Ресей атынан Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин орын алды.

Ұлықтау рәсімінен кейін Ердоған Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің сүйегі жерленген Аныткабирге барып, Жеке дәптерге жазба қалдырды.

Ердоған «Алдағы 5 жылда біз Түркия ғасыры жобамызды жүзеге асыру үшін аянбай еңбек етуді жалғастырамыз» деп жазды.

Президент Ердоған Түркия уақытымен сағат 19:00-де Чанкая сарайында шетелдік қонақтарының құрметіне ас береді.

Кешкі астан кейін Президент Ердоған жаңа кабинет мүшелерін жариялайды.

 



Ұқсас жаңалықтар