Ердоған мен Путин таяуда кездеседі

Дмитрий Песков Президент Ердоған мен Президент Путиннің кездесуді жоспарлағанын мәлімдеді.

1993587
Ердоған мен Путин таяуда кездеседі

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путиннің бетпе-бет кездесуді жоспарлағанын мәлімдеді.

Дмитрий Песков ел астанасы Мәскеуде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Песков журналисттің бір сұрағына орай  Ердоған мен Путиннің таяуда  бетпе-бет кездесуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Путин  сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін Ердоғанға телефон шалды. Телефондағы әңгіме барысында екі лидер  болашақта екіжақты кездесу өткізуге ниетті екендіктерін растады» деген Песков кездесудің уақыты мен орнының алдымыздағы күнде белгілейтіндерін баяндады.



Ұқсас жаңалықтар