Алтуннан Швециядағы PKK арандатуына наразылық

Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жариялады.

1993022
Алтуннан Швециядағы PKK арандатуына наразылық

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Швециядағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтастарының арандатуына наразылық көрсетті.

Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада террор ұйымы PKK мүшелерінің кеше түнде PKK туының фотосуретін проектор арқылы Швециядағы парламент ғимаратының сыртқы дуалына түсіруі туралы хабарлама жасады.

Фахреттин Алтун ағылшын тіліндегі хабарламасында «PKK террор ұйымы мүшелерінің Швецияда (НАТО мүшелігіне өтініш берген ел) емін-еркін түрде жұмыстарын жалғастыруы ешқашан қабылданбайды. Кеше түнде PKK террор ұйымының туын Швеция парламенті сыртқы қабатында көрсетті. Швеция билігінің бұл оқиғаны тергеуін, жауапкерлерін әділет органдарына тапсыруын және өздерін (ЕО террористік ұйым ретінде таныған) PKK мүшесі деп таныстырған бұл адамдардың Швеция жерінде жұмыстарын жалғастыруына кедергі жасауын күтеміз. 1 маусым күні күшіне енетін терроризмге қарсы жаңа заң бұлжытпай орындалады деп сенеміз. Әсіресе Швеция билігі Түркияның сезімталдығын шешуге шындап кіріссе, PKK мүшелері 4 маусым күні ұйымдастыратын шерудің алдын алуға міндетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар