Сирия режим күштері түрік балықшы қайығына шабуылдады
Түркия түрік балықшы қайығына шабуылдаған Сирия режимі күштерін айыптады.
1992425
Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Танжу Билгич халықаралық суларда Сирия режимі қауіпсіздік күштеріне қарасты қайықтардың түрік балықшы қайығына оқ атқаны туралы қойылған сұраққа жауап қайтарды.
Мәлімдемеші Билгич «Адана Караташ портынан теңіз айдынына қарай жүзген «Махмутжан-1» атты балықшы қайығына халықаралық су айдынында жүзіп жүргенде, Сирия режимінің қауіпсіздік күштеріне тиесілі 2 әскери қайығы тарапынан кеше (28 мамыр) шабуыл жасалып, 2 балықшының жеңіл жарақат алуына себеп болуын, қайыққа материалдық зиян келтірілуін айыптаймыз» делінді.
Билгич халықаралық суларда орын алған және Самандағ Республикалық Бас прокуратурасының тергеу ашуына негіз болған бұл қайғылы оқиғаны жіті қадағалайтындарын атап көрсетті.