Президент Ердоған халыққа үн қатты
Ердоған «Енді ұлттық мақсаттарымыз бен армандарымыздың төңірегінде бірігетін кез келді» деді.
1992174

Президент Режеп Тайып Ердоған «Бұл жеңіс тек біздің емес, Түркияның, барша халықтың және түрік демократиясының жеңісі» деген сөздер қолданды.
Президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жеткен Президент Режеп Тайып Ердоған ел астанасы Анкарадағы Президенттік сарайының балконынан халыққа үн қатты.
Сайлауға қатысқан барлық азаматтарға алғыс айтқан Ердоған сайлауда міндет атқарғандарды да құттықтады.
Президент «Ешкім ұтылмайды деген болатынбыз. Сондықтан бүгін жеңімпаз-Түркия» деді.
Ердоған ешкімге ренжімегеннін баяндап, «Енді ұлттық мақсаттарымыз бен армандарымыздың төңірегінде бірігетін кез келді» деп көрсетті.
Сайлаудың екінші турының нақтыланбаған қорытындысы бойынша Ердоған 52,14 пайыз дауыспен президент болып қайта сайланды.