Көптеген елдің басшылары Ердоғанды жеңісімен құттықтады

Көптеген елдің басшылары Президент Режеп Тайып Ердоғанды президенттік сайлаудың екінші турындағы жеңісімен  құттықтады.

1992330
Көптеген елдің басшылары Ердоғанды жеңісімен құттықтады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Президенті Ерсін Татар президенттік сарайында өткен баспасөз мәслихатында Ердоғанның жеңісінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Жерорта  теңізінің шығысындағы тұрақтылық үшін маңызды екенін айтып, «Ердоғанның жеңісінің екі мемлекет саясатының дұрыс бағытта екенінің дәлелі болды» деді.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Президент Ердоғанға телефон шалып, сайлаудағы табысымен құттықтады. Әлиев сайлау нәтижелерінің Ердоғанның кең ауқымды саясатына және Түркияның жан-жақты дамуына баға жетпес қызметтеріне берілген ең үлкен марапат екенін атап көрсетті.

Ресей Президенті Владимир Путин Президент Ердоғанға сайлаудағы жеңісіне орай жолдауында бұл табыстың Түркия президенті ретіндегі Ердоғанның жанқиярлық күш-жігерінің табиғи нәтижесі екеніне назар аударып, «Сіздердің жеңісіңіз мемлекет егемендігін нығайтуға және тәуелсіз сыртқы саясат ұстанымыздағы талпынысыңызға және түрік халқының берген қолдауының айқын көрсеткіші» деген сөздер қолданды.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байден Twitter парақшасында «Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды ​​қайта сайлануымен құттықтаймын. НАТО одақтастары ретінде екіжақты мәселелер мен ортақ жаһандық сын-қатерлерде бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруды асыға күтемін» деді.

Франция Президенті Эммануэль Макрон Twitter-дегі түрік тіліндегі жазбасынан Президент Режеп Тайып Ердоғанды жеңісімен ​​құттықтады. Франция мен Түркияның Еуропаға бейбітшілікті орнату, Еуроатлантикалық альянс және Жерорта теңізінің болашағы сынды тақырыптың алда тұрғанын баяндаған Макрон «Ердоғанды қайта сайлануымен құттықтаймын» деген сөздер қолданды.

Германия премьер-министрі Олаф Шольц Twitter-де «Германия мен Түркия жақын серіктес және одақтас. Біздің  күшті әлеуметтік және экономикалық байланыстарымыз бар. Президент Ердоғанды қайта сайлануымен құттықтаймын. Енді ортақ мәселелерімізді жаңа бір серпінмен алға ілгерлеткіміз келеді» деп көрсетті.  

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​президенттік сайлаудың екінші турындағы жеңісімен құттықтап, екі елдің күшті ынтымақтастығын жалғастыруды асыға күтетінін білдірді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Президент Режеп Тайып Ердоғанды қайта сайлануымен құттықтап «Бірлескен жұмысты жалғастыра отырып, шілде айында өтетін НАТО саммитіне дайындалуды асыға күтемін» деді.

Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Чарльз Мишель әлеуметтік медиа хабарламасында Ердоғанды президенттікке қайта сайлануымен құттықтады.

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен де Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Жоғарғы сайлау комиссиясының уақытша қорытындысы бойынша қайта сайланған Президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​ жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар Катар, Солтүстік Македония, Норвегия, Швеция, Украина, Пәкістан, Ливия, Алжир, Сенегал, Кот-д'Ивуар, Сербия, Түрікменстан, Өзбекстан, Венгрия, Венесуэла, Иран, Палестина, Албания, Косово, Ирак, Сомали, Грузия, Ливан, Тунис, Беларусь, Судан, Иордания, Армения, Израиль, Босния және Герцеговина, Молдова, Гвинея-Бисау, Бразилия, Бельгия, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Австрия, Голландия, Италия, Мальта, Оман, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Йемен, Замбия, Аргентина, Парагвай, Куба, Боливия, Эквадор, Гватемала, Колумбия, Мексика, Перу, Сальвадор, Коста-Рика және Қырғызстан басшылары да Президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​президенттік сайлаудың екінші турындағы жеңісімен құттықтады.

Басқа елдің басшылары да Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтап жатыр. 



Ұқсас жаңалықтар