Ердоған Джо Байденмен телефонда сөйлеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған  бүгін кешке АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлеседі.

1992561
Ердоған Джо Байденмен телефонда сөйлеседі

Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын қатысқан теледидар бағдарламасында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Калын Түркияның Президент Режеп Тайып Ердоғанның саяси данышпан екенін тағы бір рет растайтын сайлау кезеңінен өткенін айтты.

Бүкіл Түркияның сайлауда жеңіске жеткенін түсіндірген  Калын, күшті тәуелсіз Түркияның процесінің  бұдан былай тез  жалғасатынын баяндады.

Сайлау аяқталғаннан кейін Президент Ердоғанның бағдарламаларының басталғанына назар аударған Калын «Президентіміздің қарбалас жұмысы бүгіннен басталды. Халықаралық құттықтаулар келіп жатыр. Бүгін Ердоған көптеген мемлекет басшылары және көшбасшылармен кездеседі. Ертең оның басқа бағдарламалары болады. Бүгін түнде Джо Байденмен телефон арқылы сөйлеседі. Ресей Президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Германия, Франция, Израиль, Греция, Испания және Голландия, Украина басшыларымен де сөйлеседі» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар