Түркияда ертең президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді
Шетелде қолданылған бюллетеньдер ұшақтармен және дипломатиялық курьерлермен Түркияға әкелінді.

Түркияның саяси тарихында алғаш рет өткізілетін президенттік сайлаудың екінші туры үшін дауыс беру ертең Түркия уақыты бойынша сағат 08:00-де басталып, 17:00-ге дейін жалғасады.
5 жыл қызмет ететін президентті сайлау үшін ел көлемінде 973 округ пен 1094 округтік сайлау кеңесінде 191 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылады.
Сайлауда Джухур альянсының президенттікке кандидаты Режеп Тайып Ердоған мен Миллет альянсының президенттікке кандидаты Кемал Кылычдароғлу додаға түседі.
Шетелдегі сайлау тізіміне тіркелген шамамен 3,5 миллион сайлаушы үшін 73 елдегі 151 өкілдікте 167 түйінде сайлау жәшіктері комиссиялары құрылды.
Шетелдік өкілдіктерде дауыс беру 24 мамырда аяқталды.
Тұрғылықты жерінде белгіленген уақытта дауыс бере алмағандардың кеден қақпаларында дауыс беру рәсімдері ертең сағат 17.00-ге дейін жалғасады.
Шетелде қолданылған бюллетеньдер ұшақтармен және дипломатиялық курьерлермен Түркияға әкелінді.
Ел астанасы Анкарадағы Шетелдік округтік сайлау кеңесінде сақталған дауыстар ертең бүкіл ел бойынша дауыс беру процесі аяқталғаннан кейін басқа дауыстармен бір уақытта ашылады.