Чавушоғлу Лавровпен телефонда сөйлесті

Мевлүт Чавушоғлу мен Сергей Лавров Сирия туралы Сыртқы істер министрлері төрттік кездесуі туралы сөйлесті.

1990824
Чавушоғлу Лавровпен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Сирия туралы Сыртқы істер министрлері төрттік кездесуі туралы сөйлесті.

Министрліктен алынған мәліметке қарағанда Чавушоғлу ресейлік әріптесі Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

Телефондағы кеңесте 10 мамыр күні Ресей астанасы Мәскеуде өткен Сирия бойынша Сыртқы істер министрлерінің төрттік кездесуі талқыланды.

Аталмыш жиналысқа Түркия, Ресей, Иран және Сириядағы Асад режимі Сыртқы істер министрлері қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар