Чавушоғлу Анталияның Кепез ауданында халыққа үн қатты
Чавушоғлу сириялықтардың елдеріне қауіпсіз түрде қайтарылу керектігін атап көрсетті.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу сириялықтардың елдеріне қауіпсіз түрде қайтарылу керектігін, Түркияның да мұны жасағанын атап көрсетті.
Чавушоғлу Анталияның Кепез ауданы тұрғындарына үн қатты.
Түркияның кең жағрапияда танымал жаһандық актер екенін атап көрсеткен Чавушоғлу бұл елдің соғыс пен қақтығыстар болып жатқан бұл аймақта президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жолын тұрақты түрде жалғастырғанын атап көрсетті.
«Әлем 5-тен үлкен» деп жаңа бір тәртіп орнатуға тырысамыз» деген Чавушоғлу «Өйткені қазіргі тәртіп жеткіліксіз, бұл тәртіп әлемнің үміті мен мәселелерге шешім емес, проблемаларды шеше алмайды, дағдарыстарды тоқтата алмайды, адамзаттың үмітін ақтай алмайды» деді.
Әлемнің түкпір-түкпірінде даңқты түрік байрағын желбіреткендерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Террорға қарсы күресетін де Түркия, соғыс пен қақтығыстарда бейбітшілікке араша болатын да Түркия. Түрік мемлекеттері ұйымы шаңырағында түрік әлемінің басын біріктірген де Түркия. Түркі тектестерді қорғап әлемнің қай жерінде болмасын қамқоршы болған да Түркия» деді.
Түркияның әлемде бейбітшілік пен тыныштығы үшін арағайындық үлгісін ортаға қойғанын атап көрсеткен Чавушоғлу Ресей, Иран, Сирия және Түркия Сыртқы істер министрлерінің Сириядағы проблеманы шешу, сириялықтарды қауіпсіз аймақтарға оралуы үшін талпынғандарын еске салды.
Сирияны террордан тазалап, Түркиядағы сириялықтардың елдеріне аман-есен оралуы керектігін айтқан Сыртқы істер министрі «Иә, оларды (сириялықтарды) қайтарайық. Түрікке жарасатын түрде жіберейік» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Түрік азаматтары эвакуацияланады
Осы мақсатта Түрік Әскери-теңіз күштеріне тиесілі екі кеме бүгін Бейрутқа жолға шықты.
Түркия мен Ресей президенттері телефонмен хабарласты
Мемлекет басшысы Реджеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.