Сириялық босқындар елдеріне қайтады

Ердоған «1 миллион босқынды қайтару жоспарымыз бар» деді.

1989521
Сириялық босқындар елдеріне қайтады

Президент Режеп Тайып Ердоған сириялықтардың елдеріне қайтарылуы үшін жобаларды жүзеге асырып жатқандарын білдірді.

Ердоған «1 миллион босқынды қайтару жоспарымыз бар» деді.

Президент Ердоған Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) ортақ хабарында күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Ердоған еліндегі азаматтық соғыстан қашып Түркияны паналаған сириялықтардың аман-есен оралуы үшін жұмыс істеп жатқандарын баяндады.

Босқындардың қауіпсіз оралуы үшін Сирияның солтүстігінде брикет үйлер салдырғандарын және осы таңға дейін 560 мың сириялықтың елдеріне оралғанын еске салған Ердоған «1 миллион босқынды қайтару жоспарымыз бар. Әрине бұл уақыт алатын жұмыс. Біз сириялықтардың қауіпсіз ортада елдеріне оралуын қамтамасыз етуге тырысамыз» деген сөздер қолданды.

Шекаралардың соңғы технологиялармен жабдықталғанын түсіндірген Ердоған «Түркия шекаралары қауіпсіз» деп көрсетті.

Ердоған Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әскери жасақтарының жалғасатынын білдіріп, «Егер Сирияның солтүстігінен сарбаздар шығарылатын болса, онда қауіпсіз болмайды және көші-қон тіпті де  артады» деді.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-мен табанды түрде күрес жүргізіліп жатқанына назар аударған Президент «Біз PKK және оның бөлімшелерімен мемлекет ішіндегі және шетелдегі күресімізді жалғастыруға бел байладық. Біз оларды жоюды жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар