Шетелдерде түрік азаматтары дауыс беріп жатыр
Дауыс берген азаматтар саны 1 миллионнан асты.

Түркияда 28 мамыр күні өтетін президенттік сайлаудың екінші туры аясында шетелде және кеденде дауыс берген сайлаушылар саны 1 миллион 150 мыңнан асты.
73 елдегі 156 өкілдік пен кеден қақпаларында сенбі күні басталған дауыс беру процесі жалғасуда.
Жоғарғы сайлау кеңесінен алынған мәліметке қарағанда, үшінші күні сағат 10.30-да шетелдік сайлаушылар тізіміне тіркелген, шетелдегі өкілдіктер мен кедендерде дауыс берген сайлаушылардың жалпы саны 1 миллион 153 мың 842-ге жетті.
Шетелдегі өкілдіктерде 24 мамырға дейін, ал кеден қақпаларында 28 мамыр сағат 17.00-ге дейін дауыс беруге болады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия Газада «Дала ауруханасын» құрады
Комитеттің қорытындысына байланысты аурухананы тез арада пайындап беру жоспарлануда.

Түркияға тағы бір науқас тобы келеді
Ертең Газа шекара қақпасынан тағы бір топ науқас Түркияға жеткізіледі.