АҚШ-та дәстүрлі "Түрік күні шеруі" өтті

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Дәстүрлі түрік күні шеруінің» 40-шысы өтті.

1988752
АҚШ-та дәстүрлі "Түрік күні шеруі" өтті
abd Turk gunu yuruyusu3.jpg
abd Turk gunu yuruyusu2.jpg
abd Turk gunu yuruyusu1.jpg
abd Turk gunu yuruyusu.jpg

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Дәстүрлі түрік күні шеруі» өтті.

Жаңбырға қарамастан Түрік-Американ қауымдастығына мүше азаматтар қолдарындағы қызыл-ақ түсті жалаулармен танымал Манхэттен көшелерін толтырды.

Биыл 40-шы рет ұйымдастырылған шеруге Түрік-Американ қауымдастығы мүшелеріне қоса Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы тұрақты өкілі Седат Өнал, Нью-Йорк Бас консулы Рейхан Өзгүр және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының АҚШ-тағы өкілі Мехмет Дана мен кейбір қауымдастық өкілдері қатысты.

Шеруге байланысты бір бейне көрініс жариялаған Түркияның АҚШ-тағы елшісі Хасан Мұрат Мерджан «Биыл Республикамыздың 100 жылдығын атап өтеміз. Бастан кешкен жер сілкінісі апатының артынан Американың түкпір-түкпірінде өмір сүретін азаматтарымыздың бірлік және ынтымақтастық, мейірімділік, зор сүйіспеншілік және ынта-жігермен көмек көрсетуге тырысуы көзімізге жас алғызды. Барлығыңызға алғыс айтамыз» деді.

Бас консул Өзгүр болса Түрік күні шеруінің уақыт өткен сайын Түрік-Американ қауымдастығының бірлік және ынтымақпен қозғалуы, Американ қоғамында өз дауысын жеткізуге себеп болғанын атап, «Америкадағы түріктердің Американ қоғамының маңызды бір бөлігі ретінде тұғырын күннен-күнге одан нығайта түсуі үлкен мақтаныш» деді.

«Дәстүрлі түрік күні шеруі» аясында биылғы жылдың 6 ақпан күні болған жер сілкінісінен қаза тапқан азаматтар жыл сайын көпшіліктің назарын аударатын кортежде еске алынды. 11 қара түсті көліктің үстіне орнатылған экрандарда жер сілкінісінен зардап шеккен қалалардың аттары мен фотосуреттері орын алған, түрік және ағылшын тілдеріндегі «Түркияға көңіл айту» жолдамалары көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар