Германияда ұсталған екі журналист босатылды

Сыртқы істер министрлігі мен кәсіби ұйымдар екі журналисттің босатылуы үшін талпыныс көрсетті.

1987801
Германияда ұсталған екі журналист босатылды

Германияда ұсталған түрік журналистері Исмаил Ерел мен Жемил Албай босатылды.

Неміс полициясы "Сабах газетінің"  Еуропалық ақпарат орталығы орналасқан Франкфурт кеңсесіне жасаған басып кіруінде ұстаған Германия өкілі Исмаил Ерел мен жаңалықтар директоры Жемил Албайдың босатылғаны жарияланды.

Неміс полициясының Ерел мен Албайдың үйлерінде және "Сабах газетінің" Еуропа кеңсесінде тінту жүргізгені, басып кіру кезінде компьютерлер мен телефондарды тәркілегені анықталған болатын.

Кеңсеге басып кірудің мақсаты туралы ақпарат берілмеді.

Сыртқы істер министрлігі мен кәсіби ұйымдар екі журналисттің босатылуы үшін талпыныс көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі "Сабах газетінің" Франкфурт бюросы өкілдерінің неміс полициясы тарапынан негізсіз ұстағанын қатаң айыптады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде баспасөз және сөз бостандығына қатысты «бүкіл әлемге сабақ беруге талпынған» Германияның еркін баспасөзге қарсы әрекеті оның қос стандартты көзқарасын әшкерелегені білдірілді. Сонымен бірге тақырыпқа байланысты Германияда қажетті жұмыстар істелгені, қатау наразылық Сыртқы істер министрлігіне шақырылған Германияның Түркиядағы өкілетті елшісі Юрген Шульцқа жеткізілгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар