PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды

Мәлімдемеде аймақта террористтерге қарсы операциялардың жалғасқаны атап өтілді.

1985855
PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелерінің  оқ атуы кесірінен бір әскер шейіт болды. Әскерді өлтірген  PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter парақшасынан жасалған мәлімдемеде «2023 жылы 12 мамырда «Пенче-Килит» операциялық аймағында бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерінің оқ атуы кесірінен жауынгер Мұхаммед Күчүк шейіт болды. Бөлшектеуші  террор ұйымына дереу тойтарыс  берілді және 2 террорист залалсыздандырылды» делінді.

Мәлімдемеде аймақта террористтерге қарсы операциялардың жалғасқаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар