Шетел мен кеденде бір жарым миллион адам дауыс берді

Сайлау аясында шетелде 1 миллион 490 мың 727 сайлаушы, кеденде 108 мың 425 сайлаушы дауыс берді.

1983613
Шетел мен кеденде бір жарым миллион адам дауыс берді

Президенттік сайлау мен 28-ші кезекті Парламент сайлауына шетелдегі өкілдіктер мен кедендерде дауыс берген сайлаушылар саны 1 миллион 599 мың 152 адамға жетті.

Жоғары Сайлау кеңесінен алынған мәліметке қарағанда 27 сәуірде кеден қақпалары мен шетел өкілдіктерінде басталған дауыс беру процесі аясында шетелде 1 миллион 490 мың 727 сайлаушы, кеденде 108 мың 425 сайлаушы дауыс берді.

Дауыс беру 9 мамырға дейін шетелдегі өкілдіктерде, ал 14 мамыр күні сағат 17.00-ге дейін кеденде жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар