Чавушоғлу Сирия тақырыбына тоқталды

Сирия тақырыпты сыртқы істер министрлері жиналысы 10 мамырда өтеді.

1983339
Чавушоғлу Сирия тақырыбына тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия, Ресей, Иран және Сириядағы Асад режимі арасында Ресейдің астанасы Мәскеуде сыртқы істер министрлері деңгейінде өтетін кездесудің 10 мамырда өтетінін хабарлады.

Бір телеарнаның тікелей эфирінде Сирияға қатысты оқиғаларға тоқталған Чавушоғлу жиналысқа тек Ираннан кімдердің қатысатынының белгісіз екенін және Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиянның  Иран президенті Ибрахим Реисимен бірге Африка турына шыққан жағдайда басқа бір жоғары лауазым иесінің Мәскеуге баратынын баяндады.

Чавушоғлу араб әлемінің Асад режимімен қарым-қатынасының қалыпқа түсуінің  жер аударылған сириялықтардың елдеріне оралуы үшін маңызды екенін білдірді.

Чавушоғлу сөзін былайша жалғастырды: «Олар режимнің саяси үдеріске қатысты бір қадам жасауын қалайды. Бұл Сирияны біріктірудің жолы. Әйтпесе YPG/PKK террор ұйымы бұдан да күшейеді. Қару-жарақ алуда. Мұны біздің одақтасымыз АҚШ  беруде. Болашақта өте күрделі және қиын жағдай болады».



Ұқсас жаңалықтар