ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Сербияға көңіл айтты
Шентоп Белградтағы қарулы шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айту хабарламасы жариялады.
1982523

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Сербияның бас қаласы Белградта бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.
Шентоп әлеуметтік желідегі аккаунтынан Белградтағы бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айту хабарламасы жариялады.
Сербия Республикасы Ұлттық Мәжіліс төрағасы Владимир Орличке көңіл айтқан Шентоп «Дос Сербия халқының қайғысын шын жүректен бөлісемін. Марқұмдардың туыс-тамырлары мен балаларынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Хакан Фиданның Нью-Йорктегі кездесулері жалғасуда
Хакан Фидан Түркевинде Панама Сыртқы істер министрі Жанайна Тевани Менкомомен кездесті.