TRT халықаралық цифрлық платформасы дайын
ТРТ Бас директоры Захид Собажы Бейкоз Кундура фабрикасында платформаға арналған жарнамалық бағдарламаға қатысты.

TРT халықаралық цифрлық платформасы ұзақ дайындықтан кейін көрерменмен кездесуге жақындап қалды.
Тақырыпқа байланысты жасалған мәлімдемеге қарағанда бүгін кешке Бейкоз Кундура фабрикасында платформа бағдарламасы өткізіледі.
TРT 2 арнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бағдарламаны сағат 20:00-ден бастап тамашалауға болады.
Көптеген контент ұсынылатын платформада жоғары сапалы хабар тарату, түсіндірмелі көріністер (субтитр) және дубляж талғамдары болады.
Таныстыру бағдарламасында марканың аты, логотипі, мазмұны, платформаның мүшелік мәліметтері және оның таратыла бастайтын күні жарияланады.
Түпнұсқа мазмұнымен әуесқойларды қарсы алуға дайындалған платформа іс-шарадан комедияға, тарихи драмадан анимацияға дейін көптеген контентті қамтиды.
ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собажы үй иесі болатын таныстыру бағдарламасына өнер, кино, саясат, спорт, бизнес және жарнама әлемінен танымал есімдер қатысады.
Ұқсас жаңалықтар

Ердоған Кристиан Фейхтингерді қабылдады
Ердоған Халықаралық ғарыш федерациясының бас хатшысы Кристиан Фейхтингерді қабылдады.

Ердоған кабинет отырысынан кейін мәлімдеме жасады
Түркия қорғаныс өнеркәсіпте әлемнің алдыңғы қатардағы технология жасаушыларының біріне айналды.