Судандағы түрік азаматтардың эвакуациясы аяқталды

Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

1981509
Судандағы түрік азаматтардың эвакуациясы аяқталды

Судандағы қақтығыстарға байланысты 23 сәуірде басталған түрік азаматтарын эвакуациялау операциясы 1 мамырда аяқталды.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Судан Республикасында 2023 жылдың 15 сәуірінен бері Армия мен Жедел қолдау күштері арасындағы қақтығыстар алаңдаушылық туғызуда. Барлық халықаралық бастамаларға қарамастан, біз қақтығыстардың жалғасуы мен бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандарының санының артуына алаңдап отырмыз. Президентіміз Режеп Тайып Ердоған, Сыртқы істер министріміз Мевлүт Чавушоғлу және басқа да құзырлы органдар оқиғалардың басынан бері судандық әріптестерімен тығыз байланыста болып,  сабырға және атысты тоқтатуға шақырды» деп айтылды.

Мәлімдемеде «Еліміз де мәселені бейбіт негізде шешу үшін түрлі бастамаларды жүзеге асырып, Судандағы ағайындық қантөгістің одан әрі төгілуіне жол бермеу үшін барлық дипломатиялық құралдарды жұмылдыруда» деп білдірілді.

Эвакуация операциясының аяқталғаны туралы мәлімдемеде «Судандағы азаматтарымыздың елге оралуын қамтамасыз ету үшін 2023 жылдың 23 сәуірінде басталған эвакуация операцияларымыз бүгін (1 мамыр) аяқталды. Эфиопия, Египет, Судан және Сауд Арабиясы сияқты біздің эвакуациялау операцияларымызға үлес қосқан барлық елдерге алғысымызды білдіргіміз келеді» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар