Ердоған Аданадағы беташарға эфир арқылы қатысты

Ердоған "Адана 15 шілде шейіттері" көпірінің ашылу салтанатына Анкарадағы Президенттік сарайдан тікелей эфир арқылы қатысты.

1980829
Ердоған Аданадағы беташарға эфир арқылы қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның өз қажеттіліктерін қамдайтын мұнайға ие болатын күндердің алыс емес екенін айтты.

Президент Ердоған "Адана 15 шілде шейіттері" көпірінің ашылу салтанатына астана Анкарадағы Президенттік сарайдан тікелей эфир арқылы қатысты.

6 ақпандағы жер сілкінісінде қаза тапқан азаматтарды мейіріммен еске алған Ердоған:

"Біз Аданамыздың жарасын емдеуге күш салып жатырмыз. Бір жыл ішінде жер сілкінісі аймағын қалпына келтіреміз. Аданада 14 мың 930 жаңа үй салынып жатыр. 1628 тұрғын үй құрылысы басталды. Аданалық азаматтарға кілттерді 10 жыл ішінде тапсырамыз» деді.

"Біз жай ғана көпірлер мен ауруханалар салып жатқан жоқпыз. Біз жай ғана зауыттар ашпаймыз, көліктер, ұшақтар, кемелер, танктер шығармаймыз. Біз ұлтымыздың ғасырлар бойы армандарын орындайтын ұлы өсудің іргетасын қалаудамыз» деді Президент.

Ердоған: «Бізде өз табиғи газымыз бар (Қаратеңізде) және біз жақын арада өз қажеттіліктерімізді қанағаттандыру үшін жеткілікті мұнай алатын күндерді бірге көреміз деп үміттенемін» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар