Суданнан эвакуацияланған алғашқы түрік азаматтар елге жетті

Түрік Әуе жолдарының ұшағы түнде Стамбул әуежайына келіп қонды.

1979483
Суданнан эвакуацияланған алғашқы түрік азаматтар елге жетті

Суданда армия мен Жылдам қолдау күштері арасында 15 сәуір күні басталған қақтығыстар салдарынан эвакуацияланған 189 түрік азаматы елге жетті.

Эфиопияның бас қаласынан кеше кешке көтерілген Түрік Әуе жолдарының ұшағы түнде Стамбул әуежайына келіп қонды.

Эвакуацияланған азаматтардың бірі Нажи Акгүн Суданнан эвакуация істерін атқарған түрік мемлекет қызметкерлеріне алғыс айтты. «Жағдай қиын еді. Барлық ел бір уақытта өз азаматтарын алып кеткісі келеді. Еліміз қолынан келгенді істеді. Түркияға оралған алғашқы азаматтар – біз. Қуаныштымыз. Судандағы және Эфиопиядағы түрік елшілігі қызметкерлеріне алғыс білдіреміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар